Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК сіздерге өзінің терең құрметін білдіре отырып,  Институттың негізін қалаушы, көрнекті ғалым, Ленин сыйлығының лауреаты Мұрат Әбенұлы Айтхожиннің 80-жылдығына арналған «Молекулалық биология, биотехнология, биохимия саласындағы іргелі зерттеулер мен  инновациялар» атты Жас ғалымдардың  халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференция 2019 жылғы 28-29 қарашада Алматы қаласында өтеді. Іс-шараға қатысуға жас ғалымдар (40 жасқа дейін), бакалаврлар, магистранттар, докторанттар, халықаралық гранттардың стипендиаттары шақырылады.

Бағдарлама мен іс-шара туралы ақпарат М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ресми сайтындағы КОНФЕРЕНЦИЯ бөлімінде жарияланады. https://imbb.org.kz/2019/03/14/konferencija/

Exit mobile version