М.Ә. Айтхожин атындағы МББИ бас директоры К.О. Шариповтың бұйрығы бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №2-01-1/1418-и өкіміне сәйкес этика жөніндегі уәкіл — бас директор орынбасары Г.А. Исмагулова болып тағайындалды. Институт Жарғысының, Ұжымдық шарттың және ЮНЕСКО-ның «Ғылым қызметкерлерінің мәртебесіне қатысты ұсынымдардың» ережелеріне сәйкес Институттың этика ережелерінің жобасы әзірленді. Ережелердің мақсаты институтта корпоративтік мәдениетті дамыту және ең жақсы мінез-құлық тәжірибесін қолдану арқылы мүдделі тұлғалармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, туындаған жағдайлар мен мәселелерге күнделікті мұқият және жауапты қарым-қатынас жасауға ықпал ету болып табылады. Институттың құрылымдық жұмысының ережелеріне сәйкес этика талаптары мен тәртіп ережелерін сақтау, сондай-ақ қызметкерлер мен барлық мүдделі тұлғалардың өзара міндеттемелерін сақтау қажет.
Ережеде институттың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің міндеттері және олардың мінез-құлық ережелері, сондай-ақ этика жөніндегі уәкілдің құқықтары мен міндеттері белгіленген, ол жылына 1 рет бас директордың бұйрығымен тағайындалады.
Этика жөніндегі ереже жобасы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің қарауына жіберілді және ҚР БҒМ ҒК бекітеді.