ТРАНСПЛАСТОМДЫ ӨСІМДІКТЕРДЕ ҚОЙ ШЕШЕК ВИРУСЫНЫҢ АҚУЫЗДАРЫН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖАСАЛДЫ.

Хлоропласт геномына негізделген рекомбинантты ақуыздарды алу технологиясы транспластомды өсімдіктер шығу кезінде нысана ақуыздың көп мөлшерін алуға мүмкіндік беретіндігіне байланысты үлкен танымалдылыққа ие болады. Транспластомды өсімдіктер –бұл хлоропласт геномына бөтен ген (трансген) енгізілген генетикалық түрлендірілген өсімдіктер. Қазіргі мәліметтерге сәйкес, транспластомалық өсімдіктердің жапырақ тіндерінде рекомбинантты ақуыздың 45-тен 72 пайызға дейін жиналуы мүмкін.

ҚР БҒМ ҒК М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты ұзақ уақыт бойы молекулалық биология саласында және өсімдіктер биотехнологиясы саласында іргелі зерттеулер жүргізуге маманданған. Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының қызметкерлері тобымен бірігіп, биология ғылымдарының кандидаты Станбекова Гүлшан Эсенбекқызының жетекшілігімен қой шешегі вакцинасының компоненттерін алу үшін балама тәсіл ұсынды. Бұл технология бірқатар ауруларға арналған вакциналарды жасау кезінде сыналды, бірақ қой шешегінің вирусы үшін алғаш рет ұсынылған және әлемде теңдесі жоқ. Қазақстандық ғалымдар әзірлеген әдіс темекінің генетикалық түрлендірілген өсімдіктерінде вирустық антигендерді өндіруге мүмкіндік береді. Алынған антигендер кейіннен қой шешегінің вирусына рекомбинантты вакцина өндірудің негізі ретінде қызмет етеді. Рекомбинантты вакциналарды алудың өсімдік жүйелері басқа эукариоттық жүйелермен салыстырғанда өзіндік құны төмен, өнімділігі жоғары және қауіпсіз болғандықтан, тартымды балама болып табылады, себебі оларда адамдар мен жануарлар үшін патогенді вирустар жоқ.

ҚР БҒМ ҒК қаржыландыратын гранттық жобаны орындау барысында, қой шешегі вирусының жоғары иммундық құрылымдық ақуыздарын синтездейтін темекі өсімдіктері алынды және оларды өсімдік тіндерінен тазарту жолға қойылды, нәтижелері патенттелді және практикаға енгізу үшін одан әрі дамуын күтуде.

Қойдың шешегі Қазақстанның мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Ауыл шаруашылығында арзан, қауіпсіз және тиімді жаңа буын вакциналарын пайдалану өндірілетін АӨК өнімдерінің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған биотехнология елдегі вакциналар өндірісінің ғылыми-технологиялық деңгейін көтереді, алынған тәжірибе өсімдіктерде нысана ақуыздарды тек ветеринарлық ғана емес, сонымен қатар медициналық мақсатта да өндіру үшін пайдалы болады.

KazInform

Show More
Close
Skip to content