13 қаңтар 2021 жылы өткен ғылыми кеңесі

2021 жылдың 13 қаңтар айында М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті.

  1. Бас директор К.О. Шарипов отырыстағы қызметкерлерді білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың атынан ғылыми жетістіктері мен көпжылдық мінсіз еңбегі үшін табыcтады:

– Р.Т. Тлеулиеваны «Ерен еңбегі үшін» медалі және Құрмет грамотасымен – молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі;

– Құрмет грамотасымен А.В. Жигайловты – ақуыз және нуклеиндік қышқылдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.

К.О. Шарипов, сондай-ақ, ақуыз және нуклеиндік қышқылдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері – А.С. Низкородова Құрмет грамотасымен марапатталғанын атап өтті.

  1. Исмагулова Г.А. – бас директордың орынбасары, 2020 жылды қорытындылады. Ол Мұхатаев Жүсіп пен Абдолла Нұршатты табысты қорғауларымен және PhD дәрежесін алуымен құттықтады. 2020 жылы құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының қызметкерлері Ж. Мұхатаев «Дарын» сыйлығына және А. Белқожаев дарынды жас ғалымдарға арналған стипендияға ие болды.
  2. 2021 және одан кейінгі жылдарға арналған жоспарлар талқыланды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға «Ауылшаруашылық дақылдары ауруларының қоздырғыштарын мониторингтеу негізінде соңғы өнімнің тұтынушылық сапасына әсер ететін патогендерді анықтау үшін жоғары сезімталды молекулалық-биологиялық және биохимиялық сынақтарын әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы әзірленді, оның 5 тапсырмасын орындауға 4 зертхана қатысады. 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімдер конкурсы күтілуде.

К.О. Шарипов ғылыми кеңес мүшелеріне «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №891 Қаулысына енгізілген өзгерістерін хабардар етті.

  1. Г.А. Исмагулова Институттың өкілі ретінде ғылыми кеңес мүшелерін әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғалардың жұмысы туралы хабардар етті. «Әдеп туралы ереже» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт» әзірленіп, бекітілді. Айына бір рет ҒЗИ мен ЖОО-ның әдеп жөніндегі уәкілетті өкілдерінің кеңестері өткізіледі, онда есептер тыңдалады немесе әдеп жөніндегі уәкілетті өкілдерінің жұмысы үшін құжаттар немесе нормативтік актілер талқыланады.

5. Институтта «Тәлімгерлік туралы ереже» қабылданды. Ережені ҚР БҒМ ҒК әзірледі және Жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен студенттері зертханалардың ғылыми қызметкерлерімен қарым-қатынасын реттейді.

Show More
Close