Ораза Айт мейрамы құтты болсын!!!

Барша мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі –

Ораза Айт мейрамы құтты болсын!!!

 

Қайырымдылық пен жақсылыққа бастайтын қасиетті айды қимастықпен шығарып салған барлық мұсылман қауымы бүгін Ораза айттың алғашқы күнін қарсы алуда. Ораза айт мейрамы – адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке.алады. Арада қаншама ғасыр өтсе де, бұл ұлық мейрамның мән-маңызы кемімей, керісінше жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мейрамның негізгі еркшеліктері – адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады.

Айт мерекесі әрбір шаңыраққа бақыт, береке-молшылық, жақсылықтар алып келсін! Тілеген әрбір ізгі тілектеріңіз қабыл болғай!

Айт мүбәрак болсын!

Show More
Close
Skip to content