Витилиго иммунотерапиясына арналған Т-реттеуші жасушаларды ынталандыру үшін тәсілдерді әзірлеу

Витилиго – бұл әлем халқының 0,5-1% -ында кездесетін, емделмейтін, толыққанды зерттелмеген аутоиммунды тері ауруы болып табылады. Бүгінгі күні витилиго үшін ауруды зерттеуге қаражаттың шектеулі болуына байланысты таргетті емдеу түрлері жоқ, өйткені витилиго өмірге қауіп төндіретін ауру емес болып табылады.

Әдеттегі тағайындалатын емдеу әдістеріне кортикостероидтар, УКВ фототерапиясы, және сирек жағдайларда хирургиялық меланоцит трансплантациясын қолданады. Егерде науқас терісінінің 70-80%-нан астамын витилиго құраса, толық депигментацияны кейбір жағдайларда қарастырылады.

Терідегі ақтаңдақтар витилигомен зардап шегетін науқастардың күнделікті өмір сапасына жағымсыз әсерлері бар. Стигматизация деңгейі әр түрлі мәдениеттерде өзге болуы мүмкін, және науқастардың көпшілігі психологиялық стрессті, өзін-өзі төмен бағалауды және депрессияны бастан кешіреді, және кейбір ауыр жағдайларда өзіне-өзі қол жұмсауға да алып келуі мүмкін.

Витилиго этиологиясы өте күрделі және әлі толықтай анықталмаған, бірақ бұл жағдай стресс, генетикалық бейімділік, экологиялық факторлар және меланоциттерге тән аутоиммундылық секілді көптеген факторлардың өзара әсерінен туындауы мүмкін. Соңғы зерттеулерге сәйкес, иммундық төзімділікті бұзылуы аурудың дамуының негізгі себебі болып табылады, бұл жағдайда цитотоксикалық Т жасушалары науқастың меланоциттеріне шабуыл жасайды. Аутоиммунды аурулардың көпшілігіндегі этиологиясы иммундық реакцияның бұзылуынан, оның ішінде Т-реттегіш жасушалардың (трегтер) жетіспеушілігінен немесе нашарлауымен байланысты болады. Өзінің немесе өзге антигендерді тану қабілеті бұзылғанда иммундық жүйе ағзаның жасушалары мен тіндерін шабуылдайды, нәтижесінде аутоиммунды аурулар пайда болады. Трегтердің рөлі бұл жағдайда иммундық жүйенің белсенділенуін басу және патологиялық өзін-өзі реактивтіліктің алдын-алу болып табылады. Витилиго кезінде CD39+ және CD44 + Трегтердің үлесінің жүйелі түрде төмендеуі байқалады, ол фенотиптік сипаттамаларды және функционалды белсенділікті анықтайды, сондай-ақ трегтердің витилиго зақымдануларына миграцияның азаюы, депигментация аймағымен байланысты. Жақында Трег-терді витилигоға бейім тышқан моделіне адаптивті түрде енгізу жасалды, нәтижесінде депигментацияның тоқталуы байқалды. Осылайша, Трег-терді аутоиммундық ошағына жеткізу иммундық төзімділікті күшейтеді және жергілікті қажетсіз иммуносупрессияның алдын алады деген тұжырым қалыптастырылды. Сондай-ақ, антибиотиктерді қолдану нәтижесінде пайда болған микробиомды қалпына келтіру витилиго және басқа аутоиммундық аурулар үшін терапияның перспективті бағыты болып саналады. микробиоманың өзгеруі мен трегтердің таралуын бағалау үшін витилигоға бейім тышқандар моделінде антибиотиктер қолданылды.

Мұқатаев Жүсіпбек Еркінұлының PhD диссертация аясында жүргізілген зерттеу жұмысының мақсаты – витилиго пациенттердің перифериялық қан Трег-терінің фенотиптік сипаттамаларын зерттеу, витилигоның иммунотерапиясы ретінде CAR негізінде антиген-спецификалық Т-реттеуші жасушаларды (Трег-тер) ынталандыру тәсілдерін жасап шығару және тәсілдердің әсерін in vitro және in vivo жағдайында зерттеу, сондай-ақ депигментацияны тежеудегі антибиотиктердің рөлін зерттеу болып табылады.

Зерттеу барысында алғаш рет перифериялық қандағы CD39+ және CD44+ Трегтердің үлес салмағы витилиго науқастарында едәуір төмендегені анықталды. Сондай-ақ, ремиссияда жүретін витилиго науқастарында, бақылауға қарағанда, CD39+ және CD44+ FoxP3+ фенотипі бар Трег-тердің үлесінің азаятындығы анықталды. Алынған мәліметтер витилигодағы Трег жасушаларының дисфункциясын көрсетеді және олардың иммунодепрессивті қасиеттерінің төмендеуі арқылы депигментация ошақтарына Трег-тердің тиімді көшу қабілеттілігінен айырылғанын көрсетеді, және де бұл меланоцит-спецификалық Т жасушаларының бақылаусыз белсенділігі мен аурудың өршуіне әкелуі мүмкін. Алынған нәтижелер витилиго иммундық реттеудің бұзылу себептерін түсінуге ықпал етеді және Трег-тердің жоғарылатылған супрессорлық белсенділігі мен олардың витилиго ошақтарына тартылуына негізделген витилиго емдеудің жаңа тәсілдерін жасауға негіз бола алады.

Алғаш рет GD3-тің шамадан тыс экспрессиясы адам мен тышқан терісінің эпителий жасушалары мен меланоциттерінде анықталды. GD3 беттік антигенінің жоғарылауы витилигоға тән таргет антиген ретінде анықталды.

Алғаш рет GD3 кодталған CAR конструкциясы ретровирустардың көмегімен оңтайландырылған трансдукциялық протоколды қолдана отырып, жоғары GD3-спецификалық CAR Трег-терді ex vivo жағдайында жасап шығарылды.

Микробтардың әртүрлілігі ампициллин және неомицин сияқты антибиотиктерді қабылдағаннан кейін және оның эксперименттік тышқан моделінде витилигоның дамуына әсері зерттелді. Ампициллин депигментацияның жоғарылауына әкелетіні, ал неомицин терінің Трег инфильтрациясына жанама әсер ету арқылы аурудың дамуын тежейтіні анықталды.

Алынған мәліметтер витилигоның даму механизмдерін дамуын зерттеуде септігін тигізеді және GD3-спецификалық CAR Трег-тер қолдануға негізделген витилиго жасушалық иммунотерапиясына тәсілдер жасау үшін пайдаланылуы мүмкіншілігін ашады.

Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы антиген-спецификалық  CAR Трег-терді қолдана отырып аутоиммунды ауруларды емдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу болып табылады. Алынған мәліметтер GD3-спецификалық CAR Трег-тер меланоциттерді тиімді түрде танып, in vivo жағдайында жергілікті иммундық төзімділікті қамтамасыз етеді. Диссертация барысында алынған мәліметтер витилиго емдеуге CAR-модифицирленген трегтердің адаптивті тасымалдаудың тиімділігін көрсетеді, және де бұл әдіс клиникалық зерттеулердің келешегі зор екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, алынған мәліметтер мен алынған әдістер басқа да аутоиммунды аурулардың иммунотерапиясының дамуына негіз бола алады, мысалы: pemphigus vulgaris, pemphigus bullous, псориаз, склероз, целиак ауруы, Крон ауруы, лупус және т.б.

Сондай-ақ, алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы неомициннің Трег-терді арқылы тері аймақтарының инфильтрациясының жоғарылауына және витилигоның эксперименттік моделіндегі депигментацияның төмендеуіне әсерін анықтау болып табылады. Алынған мәліметтер витилиго емдеу тәсілдерін жасау үшін де қолданыла алады.

Трансдукция жасаудың егжей-тегжейлі дайындалған және оңтайландырылған протоколы CAR антиген-спецификалық жоғары экспрессиялы Трег-терді алуды қамтамасыз етеді.

 

Мұқатаев Ж.Е. зерттеулерінің нәтижелері 13 ғылыми жұмыста, оның ішінде импакт-факторы бар 1 ғылыми мақала (IF) = 6.29 және импакт-факторы бар журналдарда және 3 тезис ((IF) = 8.728; (IF)  = 6.29; (IF)= 4.172) SCOPUS мәліметтер базасына сәйкес жарияланды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылымды бақылау комитетімен (ҚР БҒМ ККСОН ҚР БҒМ) ұсынған ғылыми журналдарында 4 мақала және халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен саммиттер материалдарындағы 5 тезис жарияланды. АҚШ-тың провизионалды патенті (сериясы № 62/915,945, Америка Құрама Штаттарында) 16/10/2009 «Витилиго емдеудің материалдары мен әдістері» алынып, Америка Құрама Штаттары және РСТ халықаралық патенті (Utility & PCT, серия №: 17/072,939&PCT/US2020/056104) 16.10.2020 жылы «ВИТИЛИГОНЫ ЕМДЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ» атымен тапсырылды (ішкі анықтама: NU2019-172-02 & -03).

 

«Витилиго иммунотерапиясына арналған Т-реттеуші жасушаларды ынталандыру үшін тәсілдерді әзірлеу» атты диссертациялық жұмыс 2020 жылы 6D060700-Биология мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің диссертациялық кеңесінде сәтті қорғалды және Мұқатаев Ж.Е. талантты жас ғалымдарға арналаған «Дарын» премиясының иегері атанды. 

Show More
Close
Skip to content