Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Қазақстан халқына мынадай Жолдауын жолдады: ХАЛЫҚ БІРЛІГІ МЕН ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛІМІЗДІ ӨРКЕНДЕТУДІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағыттарын айқындап, қазақстандық ғылым мен ғалымдарды қолдау бағыттарын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы ғылымды, ғылыми-зерттеу базасын дамытуды қолдау туралы айта келіп, еңбек жағдайларын жасау және ғалымдардың еңбегіне тұрақты, әрі лайықты ақы төлеуді қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. Осы мақсатта Мемлекет басшысы маңызды міндеттер қойды:

Президент атап өткендей, отандық білім беру мен ғылымның алдында шұғыл, әрі ауқымды міндет тұр, ол тек уақытқа сай болып қана қоймай, бір қадам алда болып, жаңа шешімдер ұсынылуы керек.

Жүйелік биология мен биомедицинадағы соңғы онжылдықтардың ілгерілеуі, оның алдыңғы тарихында қол жеткізілген нәтижелерден асып түсетіні анық. Алдыңғы қатарлы елдерде ғылым мен технологиялардың озық даму фактісі, әсіресе молекулалық биология, биохимия, биоинженерия және геномика прогресі қазақстандық ғалымдардың ғылыми құзыреттерін жетілдіру, жаңа білім мен технологияларды игеру қажеттілігін туындатады. Геномиканы, протеомиканы, метоболомиканы, иммунологияны және басқа да ғылымдар мен технологияларды дамыту, сондай-ақ олардың нәтижелерін тәжірибе мен қызметтерге енгізу – Қазақстанның мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы сын-қатерлердің сыншылдығын сезіне отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін және бәріміз үшін ғылым мен білім саласындағы мәселелерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін ұсынды. Әрине, біз бар күшімізді Президентіміз бен халқымыздың сенімін ақтау үшін саламыз. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің басшылығымен алдағы жылдарға арналған ғылымды дамытудың барлық басым міндеттері табысты іске асырылатынына күмәніміз жоқ!

Бас директоры
 ««М.Ә. Айтхожин атындағы
молекулалық биология және
биохимия институты»  ШЖҚ РМК
б.ғ.д., профессор Шарипов К.О.

 

Exit mobile version