АР09259390 «SARS-CoV-2 коронавирус антигендерінің нейтрофилдердің, моноциттердің және Т-реттеуші жасушалардың қабынуды ынталандыру белсенділігіне әсерін зерттеу»

Жобаның жалпы тұжырымдамасы

COVID-19 пандемиясы бұрын-соңды болмаған денсаулық сақтаудың дағдарысына әкеліп келді. Бұл жаңа коронавирустық инфекция иммундық жауап туралы білімнің жеткіліксіздігімен айтарлықтай байланысты, бұл өз кезегінде аурудың алдын алу мен емдеуді шектейді. Бүгінгі күнге дейін қол жетімді деректер, егде жастағы адамдар арасында COVID-19 өлімінің жоғары қаупін, сондай-ақ нейтрофилдердің, моноциттердің және адаптивті иммундық жауаптың реттелмеуінің ауыр ауру мен нашар болжамның дамуындағы жетекші рөлін көрсетті. Осы зерттеу ауыр COVID-19 иммунопатогенез механизмдері мен себептерін ашу үшін in vitro жағдайында SARS-Cov-2 протеин антигендеріне, сау жастардың және егде жастағы адамдардың нейтрофилдері мен моноциттердің, сондай-ақ иммунорегуляциялық Т-лимфоциттерінің (Treg) иммундық жауабын зерттеуге бағытталған.

Жобаның мақсаты – SARS-CoV-2 антигендеріне жас дені сау донорлар мен егде жастағы адамдардың моноциттерінің, нейтрофилдерінің және Т-реттегіш жасушаларының иммундық реакциясын зерттеу.

Жоба міндеттері:

1) SARS-Cov-2 антигендеріне жас сау донорлар мен қарттардың перифериялық қанынан оқшауланған моноциттердің иммундық реакциясын зерттеу.

Түсініктеме: Ex vivo да SARS-Cov-2 спецификалық ақуыздарымен байланысқан кездегі жас донорлар мен COVID-19 ағзасының ауырлығы мен өлім-жітім қаупі бар егде жастағы адамдардың шеткі қанынан алынған моноциттердің қабынуды ынталандыру белсенділігін бағалау, COVID-19 иммунопатогенез механизмдерін ашуға және COVID-19 ауырлық дәрежесін болжауларды анықтауға көмектеседі. Моноциттердің қабынуды ынталандыру белсенділігі молекулалық активация маркерлерінің, патогенді танушы рецепторлардың, негізгі II типті гистосәйкестік кешенінің молекулалары (HLA-II) экспрессиясының деңгейімен, транскрипция факторларының, сонымен қатар қабынуды күшейтетін цитокиндер продукциясын талдау арқылы зерттелетін болады. SARS-Cov-2 антигендері ретінде сатылымда бар коронавирустық S, N және M ақуыздары қолданылады. Перифериялық қан доноры ретінде 18 ден 40 жасқа дейінгі дені сау адамдар және 65 жастан асқан қарт адамдар таңдалады.

«check-point» нәтижесі: ex vivo жағдайында SARS-Cov-2 антигендерінің әсеріне жауап кезіндегі жас сау донорлардан және егде жастағы адамдардың перифериялық қанынан алынған моноциттердің қабынуды ынталандыру белсенділігінің көрсеткіштері.

2) SARS-Cov-2 антигендеріне жас сау донорлар мен қарттардың перифериялық қанынан оқшауланған нейтрофилдердің иммундық реакциясын зерттеу.

Түсінктеме: Ex vivo да SARS-Cov-2 антигенімен байланысқан кездегі жас донорлар мен егде жастағы адамдардың шеткі қанынан алынған қабынуды күшейтетін нейтрофилдер белсенділігін бағалау, гиперқабынуды және өкпе тінінің және басқа мүшелердің зақымдануын тудыратын, COVID-19 иммунопатогенез механизмдерін ашуға көмектеседі. Нейтрофилдердің қабынуды күшейту белсенділігінің деңгейі молекулалық активтендіру маркерлерінің, патогенді тану рецепторларының, хемокинді рецепторларның  экспрессиясын, сондай-ақ реактивті оттегі түрлерінің продукциясын талдау арқылы зерттелетін болады.

«check-point» нәтижесі: Ex vivo жағдайында SARS-Cov-2 антигендерінің әсеріне жауап кезінде жас сау донорлардан және егде жастағы адамдардың перифериялық қанынан алынған нейтрофилдердің қабынуды ынталандыру белсенділігінің көрсеткіштері.

3) SARS-Cov-2 антигендерінің әсеріне жас сау донорлар мен қарттардың шеткі қанынан оқшауланған Т-реттегіш (Treg) жасушалардың иммуносупрессорлық активтілігін жауабын зерттеу.

Түсініктеме: Treg-жасушалар иммундық гомеостазды сақтауға туа біткен және адаптивті иммунитеттің белсенділігін басу арқылы қатысады. Treg жасушаларының функционалды белсенділігінің бұзылуы иммундық жауаптың дисрегуляциясын тудырып және COVID-19 кезіндегі гиперқабыну реакциясының дамуына ықпал етуі мүмкін. Ex vivo да SARS-Cov-2 антигендеріне жас донорлар мен қарттардың шеткі қанынан алынған Treg  жасушаларының иммуносупрессивтік белсенділігінің салыстырмалы аспектісінде зерттеу COVID-19 иммунопатогенез механизмдерін ашуға ықпал етеді. Осы бөлімнің барысында Treg жасушаларының иммуносупрессивті белсенділігімен байланысты транскрипция факторы FoxP3, иммуносупрессия маркерлерінің экспрессиясы және қабынуға қарсы цитокиндердің экспрессиясы мен продукциясы, сондай-ақ Treg жасушаларының аутологиялық Т-лимфоциттерге қарсы иммуносупрессивтік белсенділігі бағаланады.

«check-point» нәтижесі: Ex vivo жағдайында SARS-Cov-2 антигендерінің әсеріне жауап кезінде жас сау донорлардан және егде жастағы адамдардың перифериялық қанынан алынған Treg жасушаларының иммуносупрессорлық белсенділігінің көрсеткіштері.

2021 жылға арналған міндеттер және алынған ғылыми нәтижелер:

 

Күнтізбелік жоспардың No1.1 «SARS-Cov-2 антигендеріне жас сау донорлардың перифериялық қанынан бөлінген моноциттердің реакциясын зерттеу».

 

Орындалған жұмыстар:

 

18 бен 40 жас аралығындағы донорлардың перифериялық қанынан оқшауланған моноциттердің қабынуға қарсы белсенділігінің SARS-Cov-2 вирусының S1 және N рекомбинантты антигендеріне жаубы молекулярлық белсендіру маркерлерінің деңгейі, патоген-танушы рецепторларының экспрессиясы, HLA-II антигендерінің экспрессиясы сонымен қатар моноциттер арқылы қабынуға қарсы цитокиндерді өндіру деңгейі арқылы талдау жасалды.

 

Күнтізбелік жоспардың No 1.2 «SARS-Cov-2 антигендеріне егде жастағы донорлардың перифериялық қанынан бөлінген моноциттердің реакциясын зерттеу».

 

Орындалған жұмыстар:

 

65 жастан асқан егде жастағы донорлардың перифериялық қанынан оқшауланған моноциттердің қабынуға қарсы белсенділігінің SARS-Cov-2 вирусының S1 және N рекомбинантты антигендеріне жаубы молекулярлық белсендіру маркерлерінің деңгейі, патоген-танушы рецепторларының экспрессиясы, HLA-II антигендерінің экспрессиясы сонымен қатар моноциттер арқылы қабынуға қарсы цитокиндерді өндіру деңгейі арқылы талдау жасалды. Донорлардың екі тобы арасында алынған мәліметтерге салыстырмалы талдау жүргізілді.

 

Жарияланымдар және нәтижелерді енгізу:

 

Кан С.А., Остапчук Е.О. Нарушение активности некоторых субпопуляций Т-клеток при тяжелом течении COVID-19. Актуальные проблемы теоретической и клинической медицины. – 2021. – Т. 31, №1. –Б. 36-40.

Жобаны орындаушылар:

 

  1. Остапчук Е.О., Ph.D (биология), жоба жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер. Индекс Хиршы: 5. Барлығы – 20 жарияланым, 100 дәйексөз. ORCID: 0000-0002-3771-423X. Scopus ID: 56823472400. WoS ID: D-1254-2015.
  2. Перфильева Ю.В., Ph.D (биология), жауапты орындаушы, жетекші ғылыми қызметкер. Индекс Хиршы: 5. Барлығы – 19 жарияланым, 85 дәйексөз. ORCID: 0000-0001-6803-0773. Scopus ID: 56823500600. WoS ID: AAF-9666-2020.
  3. Тлеулиева Р., б.ғ.к., лаборатория меңгеруші м.а. Индекс Хиршы: 5. Барлығы – 13 публикаций, 48 дәйексөз. ORCID: 0000-0001-8897-9986. Scopus ID: 6507202148. WoS ID: N-5634-2017.
  4. Абдолла Н., Ph.D (биология), үлкен ғылыми қызметкер. ORCID: 0000-0002-4769-7824. Scopus ID: 57194001982. WoS ID: R-2193-2016.
  5. Кали А., магистр, үлкен ғылыми қызметкер. ORCID: 0000-0002-5129-1165. Scopus ID: 57195580717. WoS ID: AAF-9781-2020.
  6. Кан С.А., магистрант.
Show More
Close