Зертханасың қызметкерлері

Ғалиақпаров Нұрбол Нұрпатұлы

Биотехнология және молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі

Ph.D. докторы (вирусология)

Телефон: +7 (727) 293 77 15

E-mail: nurbol.g@mail.ru

Ғалиақпаров Нұрбол Нұрпатұлы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінің түлегі (1989 -1994). Иерусалимдегі Еврей университетінде Ph.D. докторантурасында оқыды (1996-2002). «Жүзім А вирусының этиологиясы және молекулярлық зерттеулері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2002 – 2004 жылдар аралығында, Иерусалимдегі Еврей университетінің Медицина факультетінде, Эксперименттік медицина және онкологиялық зерттеулер кафедрасында постдокторантура ғылыми жобаларын аяқтады. Ғалиақпаров Нұрбол 70-тен астам жарияланымның авторы. Ғылымдағы еңбек өтілі – 26 жыл. Хирш индексi – 9, Researcher ID Web of Science — M-6609-2015, ORCID ID — 2345-667, Researcher ID in Publons – 34234

Әубәкірова Қарлығаш Пазылхаққызы

Ph.D. докторы (бақша шаруашылығы)

Жетекші ғылыми қызметкер

 

E-mail: karla_78@mail.ru

Әубәкірова Қарлығаш Пазылхаққызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің түлегі. 2001 жылы үздік дипломмен жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2011-2014 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «бақша шаруашылығы» мамандығы бойынша Ph.D. докторантурада оқыды. 2012 жылы докторлық диссертациясының аясында, Германияда орналасқан Гейлвейлерхоф жүзім өсіру институтында, ауыл шаруашылығы дақылдарының федералды ғылыми орталығында тағылымдамадан өтті.

Еңбек өтілі – 20 жыл, 25-тен астам жарияланымы бар.

Ерболова Лаура Серікқанқызы

Ph.D. докторы (бақша шаруашылығы)

Аға ғылыми қызметкер

E-mail: Yerbolova.Laura@yandex.ru

Ерболова Лаура Серікқанқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің түлегі. 2009 жылы «Биотехнология» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2010-2013 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ph.D. докторантурасында «бақша шаруашылығы» мамандығы бойынша оқыды.

Лаура Серікқанқызы «Қазақстанда элиталық жұқпаған аналық топтамаларды құру мақсатында отандық және шетелдік бағалы жүзім сорттарын микроклондық көбейту» және «Қазақстандағы бау-бақша дақылдарының ботаникалық алуан түрлілігін жоғары көкжидек (Vaccinium corymbosum L.) дүниежүзілік флорасының бағалы өкілімен байыту, бейімделу және экологиялық-ландшафттық жерсіндіру, морфобиологиялық ерекшеліктері» жобаларын жүзеге асыруға қатысты.  

Ғылым саласында 12 жылдан астам жұмыс істейді, 15-тен астам ғылыми мақалалары жарияланған.

Рахатқызы Ақбота

Ғылым магистрі (бақша шаруашылығы)

Кіші ғылыми қызметкер

E-mail: bota425@mail.ru

Ақбота Рахатқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетін бітірген. 2018-2020 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «бақша шаруашылығы» мамандығы бойынша магистратурасында оқыды. Ақбота Рахатқызы келесі жобаны «Өсімдіктердегі рекомбинантты ақуыздарды алу үшін вирустық векторды жасау» жүзеге асыруға қатысты.

Еңбек өтілі 5 жыл.

Бақытжанова Жібек Нұрланқызы

Бакалавриат студентi (өсімдіктану және технология)

Лаборант

E-mail: bakytzhanovazhibek@gmail.com
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Өсімдіктану және технология» мамандығы бойынша бакалавриат студенті.
Show More
Close
Skip to content