Тұңғыш Президент күні

Құрметі әріптестер!

М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының ұжымын Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Дәл осы күні – 1 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды және мемлекетіміздің қалыптасуы мен одан әрі дамуына ықпал ететін конституциялық құрылыс негіздерінің тұрақтылығының кепілі болатын Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды.

Тұңғыш Президент жаңа мемлекеттің болашағы үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына алды. Дәл осы халық алдындағы жеке жауапкершілік факторы еліміздің бірлігін, тұрақтылығын, орнықты дамуын, экономикасының жаңғыртуын, экономикалық серпіліс стратегиясын алдын ала белгілеп берген.

Н.Ә. Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан бәсекеге қабілетті адами капиталы бар елге және интеллектуалды ұлтқа айналды.

Қымбатты әріптестер! Баршаңызға отбасылық амандық, зор денсаулық, бақыт тілеймін. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін! Барлық бастамаларымыз жемісті, болашағымыз жарқын болсын!

 Бас директор Шарипов К.О.

Show More
Close