АР09562010 «Сүйек кемігі жасушаларынан физиологиялық және патологиялық жағдайларда алынған миелоидты супрессорлы жасушаларындағы NF-κB сигналының белсенділігі»
Жобаның жалпы тұжырымдамасы
Бастабында онкологиялық процестің дамуына үлес қосатын патологиялық активтендірілген иммундық реттеуші жасушалар ретінде қарастырылған миелоидты супрессорлы жасушалар (MDSC), ұлпалардың гомеостазында шешуші рөл атқаратын физиологиялық қабыну реакциясының қалыпты компоненті ретінде анықталды. Қатерлі ісік жағдайында NF-κB сигнаының аберрантты активациясы MDSC жасушаларында табылды. Алайда, физиологиялық жағдайда активтендірілген MDSC жасушаларында NF-κB сигналдық белсенділігі туралы мәлімет аз. Сондықтан, осы ұсынылған жобада ex vivo модельдерін пайдалана отырып физиологиялық және патологиялық ортада MDSC жасушаларын генерациялап, NF-κB канондық және канондық емес ақуыздар сигналдарының белсенділігі бойынша мүмкін болатын айырмашылықтарын анықтаймыз.
Жоба мақсаты
Физиологиялық және патологиялық — екі түрлі биологиялық жағдайда индукцияланған MDSC жасушаларындағы NF-κB сигналдық белсенділігін бағалау. Зерттеулер осылайша MDSC-нің белгілі бір аурулардағы зиянды рөлінің негізіндегі молекулалық механизмдерді одан әрі зерттеуге жол ашады.
Жоба міндеттері
1) Тышқандардың сүйек кемігінен алынған жасушалардан (BMC) физиологиялық және патологиялық жағдайларда MDSC жасушаларын генерациялау.
Түсініктеме: физиологиялық және патологиялық жағдайларда MDSC генерациясының ex vivo модельдеуі берілген биологиялық контекстте MDSC рөлінің молекулалық механизмдерін зерттеуге көмектеседі. Физиологиялық жағдайда MDSC генерациялау үшін: алдымен бауырдың стеллат жасушаларын (HpSC) култивациядан кейінгі қалыптасқан-кондиционды ортасы (H-CM) сау тышқан бауырын ферментативті диссоциациялау және RPMI негізіндегі толық ортада дараланған жасушаларды өсіру арқылы алдын-ала дайындалады. Содан кейін перкол градиентті сентрифугалау көмегімен бөлінген перифералды қан мононуклеарлы жасушаларының (PBMCs) бір бөлігі GM-CSF және H-CM бар RPMI негізіндегі толық ортаға отырғызылады; патологиялық контекстте MDSC генерациясы үшін: бөлініп алынған PBMCs жоғарыдағыдай MDSC өсуін қолдайтын ортада өсірілетін болады, бірақ Н-СМ орнына Эрлих карциномасы бар тышқаннан алынған Эрлих асцит карциномасының суперратанты қосылады. Екі жағдайдағы жасушалар фенотиптік және функциялық ерекшеліктері сәйкесінше ағындық цитомтерия және in vitro супрессорлық талдаулар арқылы бағаланады.
2) Физиологиялық және патологиялық жағдайларда генерацияланған MDSC жасушаларындағы NF-κB сигналының активтілігін зерттеу.
Түсініктеме: жетілмеген миелоидты жасушалардың толық құзыретті иммуносупрессивті жасушаларға айналуы үшін NF-κB молекуласының р50-50 гомодимері түзілуі қажет екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, активтенген NF-κB сигналының басқа суббірліктері MDSC жасушаларында қатерлі ісік аясында байқалды. Осы ұсынылған жобада біз вестерн-блоттинг және ELISA негізіндегі ядролық транслокациялық талдауларын қолдана отырып, NF-κB молекуласының канондық және канондық емес сигналдық жолындағы ақуыздардың гомо және гетеродимерлерінің активтену күйін зерттейміз.
Нәтижелер
Осы қысқа мерзімді жобада, біз MDSC генерациясына in vitro және in vivo моделдерін жасадық. Біз CD1 тышқандарымен бауыр фиброзының ерте моделін сәтті әзірледік. Осымен қатар, біз белгілі тері астындағы Эрлих карцинома моделін пайдалана отырып, патологиялық жағдайда MDSC генерациялау үшін in vivo үлгісін жасадық.
In vitro моделіне келетін болсақ, физиологиялық жағдайда MDSC генерациялау үшін біз белгілі цитокиндік MDSC моделін қолдандық. Сонымен бірге біз Эрлих асциттерін патологиялық жағдайда MDSC генерациялау үшін қолдандық. Әрі қарай, in vitro моделдерінен алынған жасушалар фенотиптік түрде ағынды цитометриялық талдаумен сипатталды.
Зерттеу тобының мүшелері
Тлеулиева Р., жоба жетекшісі. Хирш индексі: 5; 47 сілтеме; ORCID: 0000-0001-8897-9986; Scopus идентификаторы: 6507202148; WoS идентификаторы: N-5634-2017.
Кали А., магистр, жобаның жауапты орындаушысы. Хирш индексі: 3; 31 сілтеме; ORCID: 0000-0002-5129-1165; Scopus идентификаторы: 57195580717; WoS идентификаторы: AAF-9781-2020.
Абдолла Н., — Ph.D, ғылыми қызметкер. Индекс Хиршы: 4, Scopus. Барлығы – 38 сілтеме. ORCID: 0000-0002-4769-7824. Scopus ID: 57194001982. WoS ID: R-2193-2016.