Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Kakimbek Yegizbayev
Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының 30 жылдық Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз! 30 жыл бұрын біздің еліміз бірлік пен өркендеудің символына айналып, тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды.
Тәуелсіздік күні – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы, айтулы мерекелердің бірі! Баршаңызға тұрақтылық пен өркендеу, ғылымдағы жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін! Әр шаңыраққа денсаулық пен береке тілеймін! Қазақстандықтардың болашақ ұрпақтары өз мұраларын бағалап, өз елін мақтан тұтып, кемелдендірсін!