Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі, табиғаттың оянуы мен гүлдену уақыты, жылулық пен береке, қазақстандықтардың ең жарқын және сүйікті мерекелерінің бірі!

Ежелгі заманнан бері Наурыз жасампаздықтың жарқын мерекесі және жаңа жылдың басы ретінде құрметтелген. Бұл күндері соғыстар, руаралық қақтығыстар мен даулар тоқтап, өзара наразылықтар кешірілді. Бұл мереке әрқашан адамдардың жақсылық пен келісімге, бейбіт өмірге деген ұмтылысын оятты.

Бұл көктемгі мерекенің терең мағынасы бүгін, осы қиын-қыстау және тұрақсыз уақытта ерекше өзекті.

Наурыз мейрамы ұлтына және дініне қарамастан, баршамызға жақсылыққа, бірлік пен өзара түсіністікке, бейбітшілік пен тұрақтылыққа деген үміт әкелсін.

Әрбір жаңа күн, әрбір күн сәулесі біздің үйге бақыт, қуаныш пен амандық әкелсін! Көктемгі көңіл-күй, зор денсаулық, белгіленген жоспарлардың табысты жүзеге асуын тілейміз.

 

М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының ұжымы

Show More
Close
Skip to content