Қазақстан ғылымы апталығының #kazakhscienceweek# аясында 2022 жылдың 15 сәуірінде М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында (ИМББ) ғылым ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Қазақстан ғылымы апталығының #kazakhscienceweek# аясында 2022 жылдың 15 сәуірінде М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында (ИМББ)
ғылым ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Институт басшысы Шарипов Қ.О. өзінің құттықтау сөзінде ұжымына Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің құттықтауын жеткізді. Құттықтауда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында ғылымды дамытудың ұлттық бағдарламасы қабылданғаны, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені атап өтілді. Соңғы екі жылда ғылымды қаржыландыру екі есеге өсті. Ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың еңбекақысы кіреді. Ғылыми-зерттеу институттарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға қаржы бөлінді, «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми қызметкерлер үшін тағылымдамадан өту бағдарламасы ашылды, оған сәйкес жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында біліктілігін арттыра алады және т.б.
Институт ардагерлері Галина Темірқызы Дарқанбаева, Рамзия Жұбанқызы Әзімұратова, Алма Жұлмағамбетовна Досымбаева, Қарлығаш Әмірқызы Тойбаева, Клара Жармұхамедқызы Бозжанова институт ұжымына үлкен ғылыми табыстар мен бәсекеге қабілетті нәтижелер тіледі.
Осы кездесуді еске алу мақсатында институт ардагерлері мен қызметкерлері ИМББ аумағында ағаш көшеттерін отырғызды.