2022 жылдың 29 сәурінде М.А.Айтхожин атыдағы ИМББ Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.
Ғылыми кеңес мүшелері Қ.О. Шәріповті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті өткізген конкурс қорытындысы бойынша ИМББ бас директор болып қайта сайлануымен құттықтап, оның жұмысына табыс тіледі.
Қ.О. Шарипов «2019-2021 жылдарға арналған ИМББ жұмысының қорытындылары және 2022-2024 жылдарға арналған ИМББ дамуының басым бағыттары туралы» баяндамасын ұсынды.
Отырыста гранттық қаржыландыру аясында АР08855746 «Рибосома биогенезі процесін белсендіру арқылы өсімдік өнімділігін арттыру биотехнологиясын әзірлеу» (баяндамашы: Жигайлов А.В.) және АР08857430 «Жаңа минималды инвазивті биомаркерді микроРНҚ диабеттік ретинопатия диагностикасы мен болжамы үшін анықтау» (баяндамашы: Әшірбеков Е.Е.) ғылыми жобаларын іске асыру туралы ақпарат тыңдалды.
ҰТП тапсырмалары бойынша негізгі орындаушылар: «Ауыл шаруашылығы дақылдарының қоздырғыштарының мониторингі негізінде соңғы өнімнің тұтынушылық сапасына әсер ететін қоздырғыштарды анықтауға арналған сезімталдығы жоғары молекулярлық биологиялық, биохимиялық сынақтарды әзірлеу» негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы мен қол жеткізуі туралы ақпарат берді (мақалалар, патенттер, ұсыныстар және т.б.).