Құрметті қазақстандықтар!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Қазақстан – көпұлтты мемлекет, бізде 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады.
Бірлік мерекесі Қазақстанда тұратын барлық халықтардың бірлігін, ата-бабаларымыздың даналығын, бір-бірімізді қолдап, Қазақстан тағдырына әрқайсымыздың араласуымызды білдіреді.
Осындай мейірімді және жарқын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, өзара түсіністік, бір-біріңізге деген құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік, төбемізде бейбіт аспан, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына гүлдену тілейміз!
Құрметпен, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ұжымы.