БҒМ екі жаңа министрлікке бөлінді. Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі болды

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының ғылым министрі болды. Білім министрлігі екі жаңа департаментке бөлінді – Ағарту министрлiгi мен Ғылым және жоғары білім министрлiгi. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы өкімге қол қойды, деп Ақорда хабарлайды.

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалсын.

Саясат Нұрбек бұған дейін «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») фракциясынан Мәжілістің депутаты болған. Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. АҚШ-тың Маршаллтаун колледжін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Италиядағы Ла Сапиенца университетін бітірген. Ол BTS  Education бас директоры болды. Әртүрлi жылдар бойы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ Адам  ресурстары басқару департаменттің, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті болып жұмыс iстедi.

Show More
Close
Skip to content