Отырыста М.А.Айтхожин атындағы ИМББ дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған стратегиялық жоспары талқыланып, бекітілді. ИМББ бас директорының орынбасары, т.ғ.к. Исмагулова Г.А. баяндама жасады.
ИМББ стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
Ғылыми кеңес мүшелері НТП ОР11465447-ОТ-21 бойынша «Ауыл шаруашылығы дақылдарының қоздырғыштарының мониторингі негізінде соңғы өнімнің тұтынушылық сапасына әсер ететін қоздырғыштарды анықтау үшін сезімталдығы жоғары молекулалық-биологиялық, биохимиялық сынақтарды әзірлеу» 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелермен танысты. (ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының докторы, профессор Искаков Б.Қ.).
Молекулалық иммунология және иммунобиотехнологиялар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Остапчук Е. 2021-2023 жылдарға гранттық қаржыландыру шеңберінде «Сарс-Cov-2 коронавирус антигендерінің нейтрофилдердің, макрофагтардың және Т-реттеу жасушаларының қабынуға қарсы белсенділігіне әсерін зерттеу» зерттеу жұмысының аралық нәтижелері туралы баяндады.