ИМББ және Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана («РҒТК» КЕАҚ) арасындағы Келісім-шарт аясында кездесу өтті

2022 жылғы 11 сәуірдегі ИМББ және Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана («РҒТК» КЕАҚ) арасындағы Келісім-шарт аясында кездесу өтті, оның барысында ИМББ қызметкерлері РҒТК-нiң негізгі қызметімен және ғылыми қорымен таныстырылды.

РҒТК-пен ынтымақтастық ғалымдарға, мамандарға және студенттерге келесi пайдалы қызметтерді алуға мүмкіндік береді: анықтамалық-іздестіру жүйесімен жұмыс кезінде консультациялық көмек, басылымдардың виртуалды тақырыптық таңдауы, жаңадан түскен тізімдер, ғылыми-техникалық әдебиеттер таңдауы, патенттік іздеу және т.б.

РҒТК кітапханасының қоры шамамен 32 миллион дана құрайды. Кітапханада ақпараттық базаларға қосылған компьютерлермен жабдықталған оқу залы бар.

Show More
Close
Skip to content