ҚР Үкіметінің қаулысымен Куаныш Ергалиев ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Қуаныш Асылханұлы 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Тулейн университетін (АҚШ), Гарвард университетін (АҚШ) тәмамдаған. Магистр, PhD докторы.
2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2014-2019 жылдары — Назарбаев Университетінде жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары — Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры болды.
2021 жылдың маусым айынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды, жоғары білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік етті