2022 жылдың 21 қыркүйегінде ИМББ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кездесуде халықаралық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды. Шетелдік мамандандырылған институттармен және университеттермен, оның ішінде 500 ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында әріптестікті жандандыру қажеттігі айтылды. 2022 жылы ИМББ және Canterbury Christ Church университеті, Адам және өмір туралы ғылымдар мектебі (Англия) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жасалуы бойынша ақпарат берілген.
Ғылыми кеңес мүшелері ҒТБ ОР11465447-ОТ-21 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының қоздырғыштарының мониторингі негізінде соңғы өнімнің тұтынушылық сапасына әсер ететін қоздырғыштарды анықтауға арналған сезімталдығы жоғары молекулярлық биологиялық, биохимиялық сынақтарды әзірлеу» бойынша жұмыс барысымен танысты (ғылыми жетекшісі –б. ғ.д., профессор Искаков Б.Қ.).
Ғылыми кеңес отырысында 1 курс PhD докторанты (D082 «Биотехнология» мамандығы) Надирова Л.Т. диссертациялық жұмысының тақырыбы бекітілді.
Ғылыми кеңес құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының кіші ғылыми қызметкері Арман Абайлдаевты және дәнді дақылдар биохимиясы зертханасының ғылыми қызметкері Әсет Абайлдаевты ҚР ҒК ҒЖБМ 2022 жылғы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау конкурсына ұсынды.