Әкімшілік басқару бөлімі

Шарипов Қамалидин Орынбайұлы

Бас директор

Биология ғылымдарының докторы, профессор

 

Телефон +7 (727) 292-18-52

E-mail: skamalidin@mail.ru

Шарипов Қамалидин Орынбайұлы Алматы мемлекеттік медицина институтын фармацевтика мамандығы бойынша бітірген (1983-1990). 2016 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында бастады, 2009 жылға дейін биохимия кафедрасының – ассистенті, доценті, кафедра меңгерушісі, жалпы медицина факультетінің деканы ретiнде қызметтерін атқарды. 2012-2016 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ биохимия кафедрасының меңгерушісі. 2016-2018 жылдар аралығында – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ іргелі ғылымдар кафедрасының директоры. 2019 жылдан берi – ҚР БҒМ М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының бас директоры.

Шарипов Қамалидин Орынбайұлы «Білім және ғылым жүйесін жаңғырту» Заманауи білім беру және ғылыми-зерттеу институтында (Modern Education & Research Institute) Брюссель қ., Бельгия; ҚММУ «Кәсіби, көшбасшы және ұйымдастырушы» Қарағанды ​​қ.; ҚР БҒМ, «Ғылымды үйымдастыруды трансформациялау» Астана қ. тағылымдамалардан өтті.

Камалидин Шәріпов түрлі ғылыми жобалар мен бағдарламаларды (ГР № 0194РК00427) «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», (Грант 188-96) ФН № 0197РК01334) «Қазақстандағы егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында қартаюға қарсы үлгіні әзірлеу» жүзеге асыру арқылы отандық ғылымның дамуына және оқу үдерісінің сапасын арттыруға зор үлес қосты.

Осы жылдар ішінде ғылыми деректер мен жаңа білімдердің нәтижелеріне сүйене отырып, әртүрлі елдердің ғалымдары қатысқан республикалық және халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырды. Шарипов Қ.О. микроэлементтерді зерттеу бойынша Еуропалық ғылыми қоғамда – FESTEM және әртүрлі халықаралық конференцияларда (Франция, Ресей, Германия, Қытай және т.б.), сонымен қатар АҚШ-тағы (7-th International Conference on Predictive, Personalized Medicine & Molecular Diagnostics, USE, Chicago) жеке медицинадағы ғылыми жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды.

Молекулалық биология және биохимия бойынша үш тілде 3 монография мен 10 оқу құралының, сабақтас пәндермен және проблемалық оқыту мәселелерімен байланысты модульдік білімді берудің мультимодальды әдісінің авторы.

Соңғы 5 жылда 30-дан астам жарияланымдар шығарылды, оның ішінде WoS және Scopus деректер базасында 14. Хирш индексі – 4-ке тең.

Шарипов Қ.О. болжамды, дербестендірілген медицина бойынша халықаралық жұмыс тобының орыс және ағылшын тілдерінде (Мәскеу-Ресей) шығарылатын «Trace Elements in Medicine and Biology» халықаралық журналының редакциялық алқасының мүшесі.

Мемлекеттік наградалар мен алғыстар:

Шарипов Қ.О. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі үшін» Алғыс хатымен марапатталған (2004 ж.); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері (2016 ж.); сонымен қатар, 2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Исмағұлова Гүлнара Әкімжанқызы

Заместитель генерального директора ИМББ, заведующая лабораторией генома

Бас директордың орынбасары

Биология ғылымдарының кандидаты

 

Телефон: +7 (727) 293-71-74, +7 (727) 293-52-13

E-mail: g.ismagulova@imbb.org.kz,   gulnara_ismagulova@hotmail.com i_gulnara@mail.ru

Исмағұлова Гүлнара Әкімжанқызы 1984 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін биология мамандығы бойынша бітірген. Биохимия мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты (1994 ж.). 2006 жылдан берi М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында геном зертханасының меңгерушісі. Ғылымдағы еңбек өтілі – 43 жыл.

Ғылыми қызығушылық саласы: Өсімдіктердің функционалдық геномикасы, гендік инженерия, молекулалық эпидемиология, биотехнология.

Искандарова Күләш Аленқызы

Ғылыми хатшы

Биология ғылымдарының кандидаты

 

Телефон +7 (727) 293-70-56

E-mail: iskandarova@inbox.ru

Искандарова Күләш Аленқызы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінің түлегі (1985 ж.). 1991 жылы «Микробиология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

Еңбек жолын Қазақ КСР ҒА Микробиология және вирусология институтында генетика зертханасының аға лаборанты болып бастады. 1986-1989 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ КСР ҒА Микробиология және вирусология институтының аспиранты, жұмыс орны: КСРО ҒА Химиялық физика институты, Мәскеу қаласы. 1990 жылдан 1995 жылға дейін Микробиология және вирустар институтының вирус генетикасы зертханасында – кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер ретiнде жұмыс істеді. 1995 жылы Жалпы генетика және цитология институтының (ИОГЦ) тәжірибелік мутагенез зертханасының аға ғылыми қызметкері, ал 1995-2003 жылдары ИОГЦ-ның генетикалық мониторинг зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2004-2010 жылдары Биологиялық зерттеулер орталығында (ЦБИ) бағдарламаларды қалыптастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкерi, жетекші ғылыми қызметкері; ғылыми бағдарламаларды қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми хатшы, бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2010-2012 жылдар аралығында Ұлттық биотехнология орталығы (Алматы қаласындағы өкілдік) бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 2012-2016 жылдары Ұлттық биотехнология орталығының (НЦБ) ғылым департаментінің директоры (Астана қ.). 2016 жылдан 2018 жылға дейін Микробиология және вирусология институтының микробиология бөлімінің меңгерушісі. 2018 жылы Микробиология және вирусология ғылыми-практикалық орталығының Экологиялық, ауылшаруашылық және техникалық микробиология зертханасының меңгерушісі. 2019 және 2021 жылдар аралығында Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында инновациялық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, кейін халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2022 жылдан бері М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ғылыми хатшысы болып табылады.

Микробиология, микроорганизмдер генетикасы, цитогенетика, өсімдіктердің генетикалық ресурстары саласындағы 56 ғылыми жарияланымның, оның ішінде Қазақстан Республикасының 1 патентінің авторы.

2008 жылы Қазақстан Республикасының «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Қасымжанова Лаура Әлібайқызы

Бас бухгалтер

 

Телефон: +7 (727) 293-77-21

E-mail: laura_abd@mail.ru

Қасымжанова Лаура Әлібайқызы – ​​Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қаржы және несие факультетінің түлегі (1994 ж.). 2018 жылы «Кәсіби бухгалтерлер альянсында» біліктілігін арттыру курсын аяқтады.

Еңбек жолын «Локомотив» компаниясында есепші болып бастады. 2007 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығында ШЖҚ РМК қаржы және есеп бөлімінің бас экономист-есепшісі болып жұмыс істеді. 2010-2018 жылдар аралығында М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында есепші-экономист қызметін атқарды. 2018 жылдан 2019 жылға дейін «Ғарыш-Экология» мекемесінде бас есепшінің орынбасары болып жұмыс iстедi. 2019 жылдан осы уақытқа дейін М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының бас есепшісі.

Жұмабаева Анара Сайлауқызы

Кадр инспекторы

Телефон +7 (727) 292-10-18

E-mail: dzhumabaeva74@mail.ru

Жұмабаева Анара Сайлауқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген (1996 ж.).

1997-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының биология және медицина ғылымдары бөлімдерінде – инспектор, кадр инспекторы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Бғм Экономика институтының кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы. 2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының кадр жөніндегі инспекторы.
Show More
Close
Skip to content