2023 жылдың 30 қаңтарында ИМББ Ғылыми кеңесінің биылғы бірінші отырысы өтті.

2023 жылдың 30 қаңтарында ИМББ Ғылыми кеңесінің биылғы бірінші отырысы өтті.

Отырыста ИМББ Ғылыми кеңесінің жаңа құрамы, сондай-ақ Ғылыми кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.

ИМББ бас директорының орынбасары Исмағұлова Г.Ә. ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, ғылымды өндіріспен интеграциялау, ел экономикасына ғылымның қосатын үлесін арттыру тетіктерін қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Ғылыми-техникалық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңның әзірлену барысы туралы ақпаратпен таныстырды. Іс жүзінде бұл заң Қазақстан Республикасының қолданыстағы екі заңын – «Ғылым туралы» және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» біріктіретін болады. Қазіргі таңда жұмыс тобы құрылып, ұсыныстарды жинақтау және талдау жұмыстары жүргізілуде.

 Институттың бас директоры Қ.О. Шәріпов жаңа заңның ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен олардың нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталуына қойылатын талаптарды арттыратынын айтып, Ғылыми-техникалық бағдарлама мен гранттық жобаларды қалыптастыру кезінде осыған баса назар аударуды сұрады.

Skip to content