М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының құрылғанына 40 жыл
Қымбатты әріптестер!
М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының құрылғанына 40 жыл толуымен тамаша ұжымымызды шын жүректен құттықтаймын.
Институт Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1983 жылғы 22 ақпандағы № 83 қаулысына сәйкес құрылды. Институттың негізін қалаушы және бірінші директоры көрнекті ғалым, ҚазССР академигі Мұрат Әбенұлы Айтхожин болды.
Институт қабырғасында Қазақстанда молекулалық биологияның қалыптасуының бастауында тұрған дарынды ғалымдар жұмыс істеді. Мұнда ғылымның жаңа бағыттарының дамуына серпін берген жаңалықтар мен зерттеулер жүргізіліп, елімізде мықты ғылыми орталықтың берік іргетасы қаланды.
Бүгінгі таңда институт молекулалық және жасушалық биология, биотехнология, гендік инженерия, иммунология, этно- және дербестендірілген геномика салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді жалғастыруда.
Бұл күні институттың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерімізге алғыс айтқым келеді. Кейбіреулеріңіз өз білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізді жас ғалымдарға дарытып, еңбектерін жалғастырып жатырсыздар.
Институтымыз барлық қиындықтарды жеңіп, қалыптасқан дәстүрді сақтап, жаңа табыстарға жететініне сенімдімін!
М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының барша қызметкерлері мен ардагерлеріне зор денсаулық, шығармашылық жоспарларының жүзеге асуын, амандық пен бақ-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
ИМББ бас директоры Шәріпов Камалидин Орынбайұлы,