Бүгін, 2023 жылғы 13 сәуірде «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық конференцияның іс-шаралары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары ғалымдарының ғылыми-инновациялық әзірлемелерінің көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – ғылыми жетістіктерді көрсету, оларды кеңінен насихаттау және өндіріске енгізу.
М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты көрмеге екі жобаның материалдарын ұсынды: «Алма және жүзім ағаштарының қоздырғыштарының диагностикасы. Генетикалық түрлендірілген дақылдарды анықтау жүйесі. Жеміс-жидек дақылдары үшін фитопатогенсіз отырғызу материалын өндіру» және «Отандық питомниктер мен шаруа қожалықтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жидек дақылдарына арналған элиталық отырғызу материалының заманауи биотехнологиялық өндірісін ұйымдастыру».
Алдағы уақытта қазақстандық фермерлерi, питомниктер мен жеке бағбандар заманауи биотехнологиялық өндірісте өсірілген жидек және жеміс дақылдарының көшеттерін ала алады.
Ұсынылған жобалар көрмеге келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.