2023 жылдың 27 сәуірінде ИМББ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының 40 жылдығына арналған жас ғалымдардың халықаралық конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.
Құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының ғылыми қызметкері Аяз Белқожаев «500 ғалым» жобасы аясында Canterbury Christ Church University, the School of Human and Life Sciences лабораториясында өткен ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Ғылыми кеңес отырысында «10500 – Биология» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алуға келесi кандидаттар қаралды: Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. Жигайлов Андрей Викторович, Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Станбекова Гүлшан Есенбекқызы, Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Низкородова Анна Сергеевна. Барлық ұсынылған кандидаттар ашық дауыс беру арқылы бірауыздан мақұлданды.
Ғылым қызметкерлерінің күніне орай Ғылыми кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттары келесі ғалымдарға табыс етілді:
- Исмағұлова Гүлнар Әкімжанқызына, б.ғ.к., Бас директордың орынбасары – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
- Оксана Владиславовна Карповаға, б.ғ.к., Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Станбекова Гүлшан Есенбекқызына, б.ғ.к., Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Крылдаков Руслан Владимировичке, Ph.D., Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының аға ғылыми қызметкері, Абдолла Нұршатқа Ph.D., Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы меңгерушісінің м.а. — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хаттары.