Қол қойылған келісім-шарттар аясында Астана халықаралық университетінiң, Алматы технологиялық университетінiң, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінiң, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінiң және Медицина университетінiң студенттері мен магистранттары М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ақуыз және нуклеин қышқылдары, құрылымдық және функционалды геномика, иммунология және иммунобиотехнология, биотехнология және молекулалық генетика, өсімдіктер биоинженериясы және геном зертханаларында тәжірибелік сабақтардан өтіп жатыр.
Тәжірибе барысында студенттер ғылыми жұмыс процестерімен, зертханалардағы жұмысты ұйымдастыру және зерттеу әдістерімен танысады. Студенттер эксперименттерге, деректерді талдауға және нәтижелерді интерпретациялауға қатыса алады.
Тәжірибе оларға биологиялық үлгілермен және заманауи жабдықтармен жұмыс істеу принципін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, студенттер тәжірибелі қызметкерлердің жетекшілігімен бақылап, жұмыс істеуге, сұрақтар қоюға, өз идеяларын талқылауға және өз саласының мамандарынан құнды нұсқаулар алуға мүмкіндік алады.
Тағылымдама – интерндерге ғылым әлеміне енуге және одан әрі кәсіби білім алу үшін қажетті практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік беретін құнды тәжірибе.