Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы
2023 жылғы 29 маусымда М.А. Айтхожин атындағы ИМББ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Ғылыми кеңес мүшелері 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми жұмыстардың барысымен танысты: ИРН АР13068414 «МикроРНК өкпе ісігі мен туберкулездің дифференциалды диагностикасының маркері ретінде» ( ғылыми жетекшісі – Ph.D. Утегенова Г.А.) және ИРН АР13067593 «Қартаю кезінде вакцинаға иммундық жауапты реттеудегі MDSC рөлін зерттеу және вакцинацияның тиімділігін арттырудың фармакологиялық тәсілдерін әзірлеу» (ғылыми жетекшісі – Ph.D. Перфильева Ю.В.). Жобаларды жүзеге асыру күнтізбелік жоспарға сәйкес, еш кедергісіз жүзеге асуда.
Ғылыми кеңес отырысында 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың конкурстық құжаттамасының ғылыми-техникалық міндеті талқыланды.