М.А. Айтхожин атындағы ИМББ ғалымдарына доцент атағы берілді.

«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 23 маусымдағы No 311, 315 және 318 бұйрығымен, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ақуыз және нуклеин қышқылы зертханасының қызметкерлеріне 10500 – Биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша «доцент» атағы берілді:

  • Андрей Викторович Жигайлов, зертхана меңгерушісі;
  • Анна Сергеевна Низкородова, жетекші ғылыми қызметкер;
  • Гүлшан Есенбекқызы Станбекова, жетекші ғылыми қызметкер.

Институттың бүкіл ұжымы атынан әріптестерімізді құттықтай отырып, ғылыми жолдағы жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Show More
Close
Skip to content