Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тыңдады
1 қыркүйекте мәжіліс залында М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының жетекші ғалымдары мен зертхана меңгерушілері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тыңдады. Мемлекет басшысы өз жолдауында еліміздің экономикалық саясатына деген көзқарасын айқындап берді, онда қазақстандық ғылымның дамуы мен оның келешегі де сөз болды.
Президент Қ.Қ. Тоқаев:
«Менің сайлауалды бағдарламамда «Ғылыми-техникалық саясат туралы» заңды әзірлеу бастамасы болды. Қазіргі таңда әзірленіп жатқан заң жобасының нақты ғылым мен инновация негізінде экономикалық даму логикасын көрсетуі маңызды.
Бізге инновациялық инфрақұрылымды – бизнес-инкубаторларды, коммерцияландыру орталықтарын, технопарктер мен конструкторлық бюроларды құру бойынша жеке бастамаларды қолдаудың декларативті емес, тиімді шаралары қажет. Сәтті шетелдік тәжірибені пайдалану керек.
Венчурлық қаржыландыру инновациялық жобаларды іске қосудың негізгі көзіне айналуы тиіс. Сондықтан отандық және шетелдік инвесторлар тарапынан жобаларға қызығушылықты арттыру үшін барлық құқықтық және қаржылық мәселелерді шешу қажет».
Мемлекет басшысының жолдауының тікелей эфирі аяқталғаннан кейін М.А.Айтхиожин атындағы МББИ басшысы Камалидин Орынбайұлы Шәріпов соңғы уақытта ғылымда елеулі өзгерістер орын алғанын, бұл ғылыми мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, сондай-ақ ғалымдар үшін тиісті жұмыс жағдайларын жасау. Біз өз кезегімізде ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырып, олардың еліміздің ғылымды қажет ететін экономикасын дамытуға қосатын үлесін арттыруымыз қажет.