2023 жылдың 21 қыркүйегінде Пенджаб университетінің Молекулалық биология бойынша шеберлік орталығының өсімдік молекулалық биологы, профессор Аллах Бахш М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында болды.
Профессор Бахш институт ғалымдарына Орталықтың құрылу тарихы, жетістіктері, міндеттері мен жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру мәселелері, Орталық ғалымдарының алдында тұрған қиындықтар мен оларды еңсеру жолдары туралы сөз болды. Пенджаб университетінің Молекулалық биологиядағы шеберлік орталығы бүкіл әлем бойынша ғылыми байланыстары бар Азиядағы жетекші биологиялық зерттеу орталықтарының бірі болып саналады.
Профессор Аллах Бахшқа институт зертханаларымен таныстыру экскурсиясы жасалып, жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыттары мен ағымдағы жобалар туралы ақпарат берілді.
Жалпы, институт ғалымдарының профессор Аллах Бахшпен кездесуі нәтижелі болды және білім алмасуға және халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге септігін тигізеді.