РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті әріптестер!
Республика күні құтты болсын!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттiк егемендігі туралы декларация қабылданды. Ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы жасалды. Бұл күн де барша қазақстандықтардың бірлігі мен болашағымыз үшін ортақ жауапкершіліктің нышаны.
Сондықтан Қазақстанның тағдыры мен болашағы әрқайсымызға байланысты. Ғылымдағы, оқудағы және келісілген жұмыстағы табыс елдегі өмір сүру деңгейін және азаматтардың әл-ауқатын жақсартады. Болашағы нұрлы, барша азаматтары тату-тәтті өмір сүріп жатқан, болашағына сеніммен қарайтын, мүмкіндіктері тең ел – біздің мақсатымыз.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысында сөйлеген сөзінде атап өткендей, – «Қай уақытта да ғылым дамудың басты кілті болып саналды. Адамзат тарихындағы барлық жетістіктерге білімнің арқасында қол жеткізілді. Өркендеген мемлекеттің ең маңызды құрамдас бөлігі – білім мен ғылым».
Барлық қазақстандықтарға жемісті еңбек, жаңа идеялар мен жұмыста креативті атмосфера тілейміз!
Құрметпен, М.А.Айтхожин атындағы МББИ бас директоры, профессор Қ.О. Шәріпов