М.А.Айтхожина атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтында шақырылған қонақ – Мұрат Қалиұлы Сапарбаевтың қатысуымен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді.
2023 жылғы 26 қазанда М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында шақырылған қонақ – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры, молекулалық биология және генетика саласындағы маман, Рози Густав институтының ДНҚ жөндеу тобының жетекшісі (Франция), Қазақстан Республикасы Президентінің Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі — Мұрат Қалиұлы Сапарбаевтың қатысуымен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Институт қызметкерлері профессор М.Сапарбаевқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Сонымен қатар, бұл жаңа ғылыми идеялар мен зерттеулерге әкелетін ғылыми байланыстарды кеңейтуге және ынтымақтастықты құруға тамаша мүмкіндік.
Ғылыми кеңесте 2021-2023 жылдарға гранттық қаржыландыру, 2022-2024 жылдарға гранттық қаржыландыру, 2022-2024 жылдарға жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытынды және аралық есептеме тыңдалды. Баяндамаларды жасаған: PhD Н.Н.Ғалиакпаров, биотехнология және молекулалық генетика зертханасының жетекші ғылыми қызметкері; PhD Остапчук Е.О., иммунология және иммунобиотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері; Биология ғылымдарының кандидаты Жигайлов А.В., белок және нуклеин қышқылдары зертханасының меңгерушісі; PhD Перфильева Ю.В., Иммунология және иммунобиотехнологиялар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері; құрылымдық және функционалдық геномика зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Аширбеков Е.Е.
Сондай-ақ отырыста МББИ бас директорының орынбасары Г.Ә.Исмағұлова М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының 40 жылдығына арналған «Молекулалық биология, биохимия, биотехнология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» атты жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізуге дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндады.
.