Институт қызметкерлерін Құрмет грамотасымен марапаттау

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы No 11487 бұйрығымен Республика күнін мерекелеуге орай ғылым және жоғары білім саласындағы адал еңбегі және жоғары біліктілігі үшін Кадр инспекторы — Джумабаева Анар Сайлауқызы Құрмет грамотасымен марапатталды; сондай-ақ Құрылымдық-функционалдық геномика зертханасының ғылыми қызметкері – Аяз Маратұлы Белқожаевқа, молекулалық иммунология және иммунобиотехнологиялар зертханасының ғылыми қызметкері – Қали Айқынға, есепші – Әсел Бақбергенқызы Шықабаеваға алғыс хаттар табыс етілді.

М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының бүкіл ұжымы атынан әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз, оларға табыс, ең батыл жоспарларды жүзеге асыруды және отбасыларына амандық тілейміз!

Skip to content