Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Құрметті қазақстан тұрғындары!

 Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы» Заң қабылдады. Еліміздің жетістіктері мен табыстары – бір мақсат пен Отанының тағдыры үшін жауапкершілікке жұмылған қазақстандықтардың бірлігінің жемісі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада өзінің лайықты орнын алды, 40-тан астам көпжақты және 700-ден астам екіжақты келісімдер мен шарттарға қосылды, халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтасады, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады және дүние жүзінде гуманитарлық операциялармен айналысады.

Біз бүгінде Мемлекет басшысының басшылығымен уақыт сынынан сүрінбей өтіп, нық сеніммен алға жылжып келеміз. Біз бірге әділдік пен теңдік қағидаттарына негізделген қуатты мемлекет құрудамыз. Бірлігіміз бен еңбекке деген адалдығымыздың арқасында біз Отанымыздың дамуында жаңа табыстарға жететініміз сөзсіз.

М. Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ұжымы атынан барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Сіздерге амандық, отбасыларыңызға тыныштық пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен береке тілеймін!

 

Iзгi тілекпен,

М. Ә. Айтхожин атындағы МББИ бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Қ.О.Шәріпов.

Exit mobile version