Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2023 жылдың 21 желтоқсанында М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Институттың 2023 жылғы ғылыми, ұйымдастырушылық және қаржылық қызметінің қорытындысы шығарылып, 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды. 2023 жылы институт 8 гранттық жоба және 2 ғылыми-техникалық прогрестің аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2024-2026 жылдарға арналған ағымдағы байқауларға 6 өтінім берілді («Жас Ғалым», гранттық қаржыландыру және жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру). М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған «Молекулалық биология, биохимия, биотехнология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» атты жас ғалымдардың халықаралық конференциясы сәтті өтті, 5 қызметкер доцент атаққа ие болды, 5 адам PhD-докторантураға түсті.

Өз сөзінде институттың бас директоры, профессор Шарипов Қ.О. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2023 жылы қол жеткізген нәтижелері туралы ҚР ҒЖБМ министрі Саясат Нұрбектің баяндамасынан алынған мәліметтерге сілтеме жасады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес ғылымды қаржыландыру ұлғайтылды (2023-2025 жылдарға 640 млрд. теңге), 6 жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды, «Ғылыми-техникалық саясат туралы» ҚР жаңа заңы әзірленді, қазақ тілінің ақпараттық кеңістікте және жаңа технологияларда қолдану аясын кеңейту бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Ғылыми кеңес отырысының соңында ИМББ бас директоры, профессор Қ.О.Шарипов. атқарған жұмыстары, қол жеткізген нәтижелері үшін институттың барлық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, келер жылы табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Exit mobile version