Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы  хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ  https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru, «Ғылым Қоры» АҚ https://science-fund.kz/ және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) https://www.ncste.kz/ru/competition сайттарында орналастырылған.

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі: 2023 жылғы 19 желтоқсан.

Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі: 2024 жылғы 22 қаңтар.

Конкурстық өтінімдер жобалау тобы мүшелерінің, жобалау тобы басшысының және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі — ААЖ) www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша қабылданады.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін Сараптама орталығының ААЖ-мен жұмыс істеу бойынша кеңес беру мына телефондар арқылы алуға болады: +7 727 355 5002 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты:жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны 2023 жылғы 19 желтоқсаннан 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін алуға болады:

Конкурстық құжаттама

https://sciencefund2023-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/sciencefund_sciencefund2023_onmicrosoft_com/EkwcZxlQug9CitZIQ7bvGagB1U1iwnIUnDcLVhjDD00ing.

Exit mobile version