2024 жылдың 22 ақпанында М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Отырыста Ғылыми кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып қабылданды, Ғылыми кеңестің құрамындағы өзгерістер бекітілді.

Өзінің кіріспе сөзінде институттың бас директоры, профессор Қ.О. Шарипов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 6 қарашадағы No 563 бұйрықпен бекітілген ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті негізгі, бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру туралы қысқаша ақпарат берді.

Ғылыми кеңес мүшелерінің сондай-ақ жоба жетекшілерінің назарын әрі қарай өз жұмысында, атап айтқанда, жүзеге асырылып жатқан жобаларды іске асыру және гранттар мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдерді ресімдеу кезінде пайдалану үшін осы құжатпен егжей-тегжейлі танысу қажеттілігіне аударды.

Зертхана меңгерушілері өндіріске енгізуге дайын ғылыми әзірлемелер (ҒҒТҚН коммерцияландыру, қызмет көрсету) туралы ақпаратты ұсынды.

МББИ бас директоры Шарипов Қ.О. жақында Астана мен Алматы қалаларында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен бірнеше кездесулер өткенін қосты, атап айтқанда, «Іргелі ғылым және оның қолданбалы мүмкіндіктері» стратегиялық сессиясы, ҚР ҒЖБМ алқасы және Қазақстан Республикасының «Ғылыми-техникалық саясат туралы» заңын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның отырысы. Осы кездесулердің барлығында ғылыми зерттеулердің тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру және оның нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталуы туралы айтылды.

 

Skip to content