Microread Technology (Қазақстан)» компаниясының семинары

2024 жылдың 16 сәуірінде М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында «Microread Technology (Қазақстан)» компаниясының семинары өтті.

Beijing Microread Genetics халықаралық даму жөніндегі директоры Ти Хэ өз презентациясында компания, оның құзыреттері, өнімдері, қызметтері және кепілдіктері туралы айтты.

«Microread Technology (Kazakhstan)» компаниясының бас директоры Рашатбек Ерназар мен сату жөніндегі менеджері Қантай Әлібек қатысушыларға компанияның өнімдері, қызметтері және Қазақстандағы ғылыми ұйымдарға қолжетімді қызметтері, жеткізу мерзімдерінің артықшылықтары және компанияның баға саясаты туралы ақпарат берді.

Кездесуге қатысушылар одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

 

Семинарды ұйымдастырушылар: «Microread Technology (Kazakhstan)» ЖШС (А. Қантай) және М.А. Айтхожин атындағы МББИ.

Skip to content