2024 жылдың 19 сәуірінде М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетінің студенттері мен магистранттарына таныстыру экскурсиясы өткізілді.
Экскурсия Ғылым қызметкерлерінің күнін мерекелеу аясында, сондай-ақ М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы Бас келісім аясында өткізілді.
Студенттер мен магистранттар құрылымдық және функционалдық геномика, дәнді дақылдардың биохимиясы, биотехнология және молекулалық генетика, ақуыз және нуклеин қышқылдары, иммунология және иммунобиотехнология, геном, өсімдіктер биоинженериясы зертханаларын аралады.
Болашақ биологтарға ғылыми ізденіс бағыттары, зерттеулерде қолданылатын заманауи құрал-жабдықтар, зертханалардың ғылыми жетістіктері таныстырылып, сұрақтарына жауап берілді.