Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.
Ардақты ардагерлер, сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Сіздерге ұрпақтарыңыздың атынан шексіз алғыс білдіреміз.
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, жақсылық, денсаулық, бақыт, ашық аспан тілейміз!
Ізгі тілектермен,
М.Ә. Айтхожин МББИ бас директоры,
профессор Шәріпов К.О.