Құрбан — айт мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер, достар!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді, бір-бірімізге жасаған жақсы тілектерімізді қабыл етсін! Құрбан айт бізді бірлікке, мейірімділікке, игі істерге, жақынымызға деген сүйіспеншілікке шақырады. Әр шаңыраққа, әр отбасына тыныштық пен келісім, денсаулық пен қуаныш, бақыт пен береке тілейміз!

Ізгі тілекпен,
М. А. Айтхожин атындағы ИМББ

Бас директоры, профессор К.О. Шәріпов

Skip to content