Дөңгелек үстелге Мұрат Әбенұлының әріптестері: академик Уразалиев Р.А., академик Рақымбаев И.Р., Азимұратова Р.Ж., Тойбаева К.А., Ысқақов А.Р., Абдықалықов М.А.; сыныптастары: Неретина Н.В., Тілеубердина П.А.; Мұрат Айтхожиннің шәкірттері: Искаков Б.К., Полимбетова Н.С., сонымен қатар М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының қызметкерлері қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеп және М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының тарихы, ғылыми жетістіктері және даму болашағы туралы Институттың бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Шарипов Қ.О. баяндама жасады
Дөңгелек үстелде М.Ә. Айтхожин МББИ жас ғалымдарының баяндамалары тыңдалды: б.ғ.к. Жигайлов А.В., ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының меңгерушісі «Ақуыз биосинтезінің реттелуінің молекулалық механизмдерін және өсімдіктердің қоршаған орта факторлары мен фитопатогендерге бейімделуін зерттеу»; PhD Абдолла Н., Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі «Циркадиандық бұзылыспен байланысты семіздіктің иммундық жүйеге әсері»; PhD Белқожаев А., Құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының ғылыми қызметкері «Халықаралық стипендиялардың ғылыми-зерттеу институттарының дамуына әсері».
Академик Мұрат Әбенұлы Айтхожин туралы және Молекулалық биология және биохимия институтының құрылуы туралы естеліктерімен академик Уразалиев Р.А., академик Рахымбаев И.Р., Неретина Н.В., Азимұратова Р.Ж., Ысқақов А.Р., Абдықалықов М.А., Тілеубердина П.А. бөлісті.