М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ

2024 жылдың 29 тамызында М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты Ғылыми кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді.

Ғылыми кеңес отырысында Конституция күнін мерекелеуге орай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградалары табыс етілді:

— «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі — өсімдіктер биоинженериясы зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Н.П. Малаховаға.

— «Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы» — ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Г.Е. Станбековаға.

—  «Ғылым үздігі» құрмет дипломы — ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. О.В. Карповаға.

—  «Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысы» — биотехнология және молекулалық генетика зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD Л.С. Ерболоваға, өсімдіктер биоинженериясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD Хасейн Алтынға,  биотехнология және молекулалық генетика зертханасының кіші ғылыми қызметкері Рахатқызы Ақботаға, дәнді дақылдардың биохимиясы зертханасының ғылыми қызметкері Ә.О. Абайлдаевқа.

— «Тіл жанашыры» құрмет дипломы —  биотехнология және молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, PhD К.П. Әубакироваға.

Жиналыста келесі монографиялар қаралып басып шығаруға ұсынылды:

  • «Карлавирустарға қарсы бағытталған картоп өсімдіктеріндегі трансгендік РНҚ интерференциясы», авторлары – А.М. Александрова, О.В. Карпова;
  • «Картоп М-вирусы және оның дыбыссыздандырғыштары», авторлары – Р.В. Қрылдаков, Б.К. Ысқақов.

Сондай-ақ отырыста BR21881942 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында фитопатогендерге қарсы күрестің биотехнологиялық тәсілдерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу мәселесі қаралды.

Сондай-ақ отырыста «Ғылыми-техникалық саясат туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚР Заңын қабылдау туралы. Институттың бас директоры Шарипов Қ.О.

Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды.

Заң идея мен тәжірибелік үлгілерден бастап енгізуге және жаппай өндіруге дейін ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың негізділігін және технологиялық дайындығын (TRL) бағалаудың жаңа механизмін қарастырады; жас ғалымдарды жеңілдетілген несиелеу және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне салық жеңілдіктері/шегерімдері шеңберінде ғалымдарды әлеуметтік қолдау ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар; инновациялық инфрақұрылымды қолдау және венчурлық қаржыландыруды тарту үшін Ғылым қорының технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік мәртебесі кеңейтілді; сондай-ақ жоғары ғылыми ұйым түрінде Ұлттық ғылым академиясының жаңа мәртебесі анықталды.

Заңды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында Шарипов Қ.О. – бас директор, Исмагулова Г.А. – директордың орынбасары.

Skip to content