Site icon Институт молекулярной биологии и биохимии им. М. А. Айтхожин» КН МОН РК

М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2024 жылдың 30 қыркүйегінде М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

— Ғылыми кеңес отырысында халықаралық ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі және институт ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Зертхана меңгерушілері ақпаратпен таныстырды. Гранттық жобаларды ұсыну және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту туралы шешім қабылданды.

— Ғылыми кеңес мүшелері PhD докторанттар Надирова Лейла, Тезекбаева Ботакөз, Кан София, Лушова Анжелика, Динанова Нағиманың баяндамаларын тыңдады. Баяндамашылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы, алынған нәтижелер мен жарияланған жұмыстар туралы ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді.

— Отырыста жетекші ғылыми қызметкер, молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісінін м.а, PhD доктор Абдолла Нұршаттың құжаттары «10500 – Биология ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы ұсынысы бойынша құжаттары қаралды. Ғылыми кеңес мүшелері Абдолла Н. кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Exit mobile version