Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!

 

           25 қазан – еліміз үшін маңызды күн! Дәл осы күні, 1990 жылы еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздігіне негіз болды!

           2022 жылдың маусымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ассамблеяның бірінші отырысында Республика күнін мерекелеуді қайта жаңғыртуды ұсынды.

           Егемен Қазақстанның басты тірегі – бірлік пен келісім. Біз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана кез келген тапсырманы сәтті жүзеге асыра аламыз!

           Қазақстанның тағдыры мен болашағы әрқайсымызға байланысты. Ғылымдағы, оқудағы және келісілген жұмыстағы табыс елдегі өмір сүру деңгейін және азаматтардың әл-ауқатын жақсартады.           Халқымыздың тату-тәтті бейбіт өмірі, жастарымыздың болашаққа сеніммен қарауы, келешегіміздің нұрлы, мүмкіндіктеріміздің тең болуы – біздің мақсатымыз.

           Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, еңбекте табыс, елімізге гүлдену, ашық аспан, жарқын болашақ тілейміз.

 

Құрметпен,

М.Ә. Айтхожин атындағы МББИ бас директоры, профессор Қ.О. Шәріпов

Skip to content