2024 жылдың 18 қарашасында М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті
Отырыста Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау конкурсына қатысуға үміткерлер талқыланып, ұсынылды.
Институттың Ғылыми кеңесі келесі кандидаттарды қолдады және ұсынды:
— мемлекеттік ғылыми стипендияға: биология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Шарипов, Е. Әшірбеков, Б. Алжанұлы;
— жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлыққа: PhD А. Александрова.