Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесін қайтарды

2022 жылғы 29 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, оған сәйкес Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесін қайтарды. Қазақстан азаматтары көп жылдардан бері алғаш рет еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнін тағы да тойлап жатыр.

М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Республика күніне арналған «Әділетті Қазақстан: Тәуелсіздік, жауапкершілік, ұрпақтар сабақтастығы құндылықтары» тақырыбында салтанатты жиын өткізді.

Институттың бас директоры Шәріпов Камалидин Орынбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның қабылдануымен байланысты бұл датаның еліміз үшін тарихи маңызын атап өтті, еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Бұл құжатта аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді дербес шешу принципі сияқты мемлекеттілік қағидаттары алғаш рет бекітілгенін баса айтты.

Қазақстан Республикасы күніне арналған «Әділетті Қазақстан: тәуелсіздік құндылықтары, жауапкершілік, ұрпақтар сабақтастығы» атты презентацияны бас директордың орынбасары Гүлнар Әкімжанқызы Исмағұлова жасады. Баяндамада бұл шараның еліміз үшін маңызы, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі атап өтілді.

Іс-шараның соңында бас директор барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, еліміздің игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

 

Skip to content