2020 жылғы 28 мамырда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзін талқылауға арналған Ғылыми Кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті.

К.О. Шарипов сөз сөйлеп, ғылым саласына қатысты баяндаманың негізгі тұстарын атап өтті:

  1. ғылымды қаржыландыруды ЖІӨ-нен 1% — ға дейін ұлғайту;
  2. әрбір ғылыми жұмыстан базалық қаржыландыруды және әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, техникалық қайтарымды ұлғайту;
  3. ҒЗИ инфрақұрылымын жақсарту;
  4. бір жолғы гранттық конкурстардың нәтижелеріне қарамастан, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдарды тұрақты тікелей қолдау;
  5. Қазақстан ғылымының цифрлық экожүйесін құру және ұлттық ғылыми-талдау жүйесін, отандық ғалымдардың базасымен ғылыми дәйексөз берудің қазақстандық индексін құру.

Институт қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың сөз сөйлеуінде айтылған ғылым саласындағы заманауи сын-қатерлерді, оларды кезең-кезеңмен шешу жолдарын қолдады және өз тарапынан сөз сөйлеуде белгіленген жоспарларды іске асыруға жәрдемдесуге ниет білдірді.

 

2020 жылғы 27 мамырдағы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың сөйлеген сөзінен үзінді:

Тұтастай алғанда, біз ғылымды қаржыландыруды жоспарлы түрде ұлғайтамыз, 2025 жылға қарай оны ЖІӨ-нің 1% — на дейін жеткіземіз.

Бұл ретте біз ешкім жиі оқымайтын қажетсіз жұмыстар мен зерттеулерді қаржыландыруға мүмкіндік бере алмаймыз.

Әрбір ғылыми жұмысқа қатаң сұраныс пен нақты әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, техникалық қайтарым болуы тиіс.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тек қана ұлттық ғылыми-техникалық міндеттер негізінде бөлінуі тиіс.

Күш-жігер мен ресурстарды медициналық-биологиялық зерттеулер, агроөнеркәсіп ғылымы, «жасыл» технологиялар, жасанды интеллект, энергия тиімділігі сияқты салаларға бағыттау қажет.

Бір жолғы гранттық конкурстардың нәтижелеріне қарамастан үздіксіз жүзеге асырылуы тиіс іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдарды тікелей қолдау маңызды міндет болып табылады.

Үкімет іргелі ғылым мен зерттеу институттарының базалық қаржыландыру көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруы керек.

Проблемалық мәселелердің бірі — зерттеу жабдықтарының жетіспеушілігі. Менің тапсырмам бойынша биылғы жылы институттарды материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі жаңа бағдарлама ашылды, алайда ол қаржыландырылмаған. Бұл мәселені шешу керек.

Мықты ғалымдардың жетіспеушілігі бүгінгі күні әлеуметтік, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша байқалады, оны бірлескен зерттеулер жүргізу арқылы және докторанттар мен магистранттарға басшылық ету үшін жетекші шетелдік ғалымдарды тарту есебінен шешуге болады.

Әрине, мұндай тәжірибе нақты болуы және белгілі бір нәтиже беруі тиіс.

Технологиялық алаңдарды, ірі отандық кәсіпорындарды, компанияларды жоғары оқу орындарымен және зерттеу институттарымен байланыстыру өте маңызды. Үкіметтен және сарапшылардан тиісті ұсыныстар дайындауды сұраймын.

Қазақстан ғылымының цифрлық экожүйесін құру және ұлттық ғылыми-талдау жүйесін, отандық ғалымдардың базасы бар ғылыми дәйексөз берудің қазақстандық индексін құру маңызды.

Мемлекеттік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін Білім және ғылым министрлігін салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган ретінде айқындау қажет.

Бұл шаралардың барлығы Парламент қабырғасында қаралатын ғылым туралы заңнамаға өзгерістер пакетінде көрініс табуы тиіс.

 

Баяндаманың толық мәтінін мына сілтеме бойынша алуға болады:

http://www.akorda.kz/ru/speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses/vystuplenie-glavy-gosudarstva-ktokaeva-na-tretem-zasedanii-nacionalnogo-soveta-obshchestvennogo-doveriya

Skip to content