Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан халқының бірлігі күні — біздің еліміздегі ең сүйікті мерекелердің бірі. Біздің мемлекетімізде әр түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Халықтар бірлігі — бұл еліміздің басты жетістігі. Мемлекет басшысының айтуынша, біздің тәуелсіздігіміздің тарихы — бұл барлық этностар достығының шежіресі. Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімді сақтау тәуелсіз Қазақстанның маңызды және талассыз табыстарының біріне айналды. Ұлттық бірлікті нығайту еліміздің және халқымыздың сәтті болашағының кепілі болып қала береді.

Еліміздің бірлігі күні —  Қазақстан үшін маңызды мереке болып қала береді. Ол 25 жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді, сондықтан мерекелеудің жаңа дәстүрлері де пайда болуда. Жыл сайын, еліміз бұл күні,  Отанымыз — Қазақстан Республикасында біртұтас отбасыға айналған, әртүрлі халықтардың мәдениеті мен әдет-ғұрыптары туралы танысады.

Халықтар бірлігінің арқасында біз қиындықтардан өтіп, тәуелсіздігімізді нығайта алдық, экономикада жетістіктерге қол жеткіздік, өз өмірімізді жақсарттық. Біздің басты жетістіктеріміз — Отанымыздағы тыныштық пен бейбітшілік.

Құрметті әріптестер, ғалымдар, докторанттар!

Осы мерекеге күні Сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сыйластық және сәттілік тілеймін! Сүйікті Отанымыз — Қазақстан Республикасы өркендеп көркейе берсін!

 

Ізгі ниетпен, Камалидин Орынбайұлы Шарипов

М.А. Айтхожин атындағы

Молекулалық биология және биохимия

нститутының бас директоры

 

 

Skip to content